https://ptk-astana.edu.kz/storage/app/uploads/public/658/591/eda/658591edade1e504320200.jpeg
https://ptk-astana.edu.kz/storage/app/uploads/public/658/591/edb/658591edbc6f9917090920.jpeg
https://ptk-astana.edu.kz/storage/app/uploads/public/658/591/ee1/658591ee1fe59052067393.jpeg
https://ptk-astana.edu.kz/storage/app/uploads/public/658/591/ee3/658591ee36cdb996217432.jpeg
https://ptk-astana.edu.kz/storage/app/uploads/public/658/591/ee8/658591ee815b1247390732.jpeg
https://ptk-astana.edu.kz/storage/app/uploads/public/658/591/eea/658591eeaa182733301901.jpeg
https://ptk-astana.edu.kz/storage/app/uploads/public/658/591/ef0/658591ef041d2438896591.jpeg
https://ptk-astana.edu.kz/storage/app/uploads/public/658/591/ef2/658591ef28fb6868843551.jpeg
https://ptk-astana.edu.kz/storage/app/uploads/public/658/591/ef6/658591ef66a04230372119.jpeg

2023-2024 оқу жылының І жартыжылдығы қорытындысы

  • Сандугаш Жиентаева

2023-2024 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде 392 студент қабылданды, оның ішінде 46 студент кәсіпорындардың тапсырысы бойынша білім алуда. Колледждің жұмыс жоспарында көрсетілген жұмыстар толығымен орындалуда. Есепті мерзім ішінде оқу-тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында көптеген іс-шаралар атқарылды.

Атап айтсақ, «Қауіпсіздік кепілі» ҚБ қолдауымен «Автокөліктерді техникалық байқаудан өткізу пунктері» сарапшыларының республикалық форумы ұйымдастырылды. «Worldskills Қазақстан-2023» Ұлттық чемпионатына еліміздің әр аймағынан келген қатысушылары үшін қалалық маслихаттың депутаты Б.Қасымбергебаев және «Талап» КЕАҚ президентінің кеңесшісі А. Бимендинамен кездесу өткізілді.

Колледждің жетістіктері:

  • Колледж әкімшілігінің мүшелері «Атамекен» ҰКП және Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) бірлескен «Кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы заңнамалық базаны әзірлеуге бизнес-қауымдастықты тарту» тақырыбындағы семинарларға қатысып, сертификаттар алды.
  • Арнайы пәндер окытушысы Федотова О. «Astau-fest» IV халықаралық гастрономия фестивалінің 1-дәрежелі, өндірістік оқыту шебері Жұман А. студенті Совельев К. 3-дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
  • Колледж өндірістік оқыту шебері Тұранов С. «Үздік педагог-2023» қалалық және республикалық байқауларының жеңімпазы. Өндірістік оқыту шебері Тоқсанбаев М., «Астана жастары» ЖРО ұйымдастырумен өткен «Үздік электромонтаждаушы-2023» байқауының жеңімпазы. Өндірістік оқыту шебері Мукатов Е. «Үздік өндірістік оқыту шебері» байқауының 3-орын иегері.
  • «Worldskills Аstana-2023» қалалық чемпионатына колледж студенттері 12 құзыреттілік бойынша қатысып, 5 алтын, 4 күміс, 6 қола медальға ие болды.
  • Колледж студенті Нұрашов И. «Торайғыров оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының 1-дәрежелі дипломына ие болды, жетекшісі арнайы пәндер окытушысы Бейсембаев Н.
  • Колледж студенті Падров А. «Үздік дәнекерлеуші» номинациясы бойынша 1-орынға ие болды.
  • Колледж студенттері Нұрқұл М., Нұрқұл А., Сейілхан Қ. Сервис және туризм колледжінде өткен Оқырман конференциясында 1-орын жеңімпаздары. Колледж студенттері «Саналы ұрпақ» жобасы аясында өткен «AntiParaCraft-2023», QUIZ интеллектуалды ойындарында 2-3 жүлделі орындарға ие болды.
  • 1-курс студенті Кильпяков Д. таеквандо GTF бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында 1- орын, 3-курс студенттері Сайран Н. Астана қаласында өткен ММЕ халықаралық турнирде 1 орын, Серікұлы М. грэпплингтен 2 орын және ММБ бойынша 3 орын иегерлері атанды.