https://ptk-astana.edu.kz/storage/app/uploads/public/661/cc4/520/661cc452025bb182158532.jpeg
https://ptk-astana.edu.kz/storage/app/uploads/public/661/cc4/586/661cc4586c382745200057.jpeg
https://ptk-astana.edu.kz/storage/app/uploads/public/661/cc4/516/661cc4516f9dd659862704.jpeg

Астаналық қаласы әкімдігінің Кәсіптік –техникалық колледжде 12 - сәуір Ғарышкерлер күніне байланысты «Ғарыш әлемінде» атты танымдық кеш ұйымдастырылып өткізілді.

  • Сандугаш Жиентаева

Астаналық қаласы әкімдігінің Кәсіптік –техникалық колледжде 12 - сәуір Ғарышкерлер күніне байланысты «Ғарыш әлемінде» атты танымдық кеш ұйымдастырып өткізді.

Мақсаты: Студент жастарға, қазақтың ғарышкерлерін таныстыру, өмірбаянына жасау, мәлімет беру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық сезімін, әрі ұшқыш, ғарышкер болуына оқушылар қиялын тәрбиелеу, шыдамдылыққа, табандылыққа, тәртіптілікке үйрету.

Іс-шара барысында кітапхана меңгерушісі Шашкенова Н.А, ғарыш әлемі, еліміздің ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Аимбетов туралы айтып берді.

Мақсаты: балалардың ғарыш әлеміне қызығушылығын арттыру.

XX ғасырдың 2 - шы жартысындағы адам баласының ғарышты игерудегi жетiстіктері, оның ғылыми маңызы жайында, колледжіміздің педагог ұйымдастырушысы, физика пәнінің ұстазы Брянов М.К. мағлұмат берді. Көрнекілігі: Ғарышкерлер суреттері, Байқоңыр – ғарыш айлағы суреті, планеталар суреттері. «Ғарыш көрген үш қазақ» атты бейнебаян көрсетілді. Колледжіміздің студенттері Мақсұтбек Алмаз, Айдос Балғынбек, Бақытбек Арман ғарыш тақырыбына арналған өлеңдер оқыды. «Ғарыш әлеміне саяхат» атты баяндаманы Ажмахан Хадиша Жақсылыққызы жасады.