Баршамызға белгілі 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Осы мерекеге орай Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледж қабырғасында «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» - әдеби –сазды кеш ұйымдастырылды
Баршамызға белгілі 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Осы мерекеге орай Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік-техникалық колледж қабырғасында «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан!» - әдеби –сазды кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.
Іс-шара барысында кітапхана меңгерушісі Шашкенова Н.А. студент жастарға Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілінің бүгінге дейін ынтымақтастықта, бірлікте, татулықта бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп жатқанын, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайтынын, Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналғанын айтып өтті. Аталмыш іс-шарамызға Қазақстанның Қырғыз Ассоциациясының төрағасы, Қазақстан Халық Ассамблеясының мүшесі Исмаилов Шавкат Абдуллаевич, Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы , Қазақстан Халық Ассамблеясы- ның республикалық медиация кеңесінің төрағасы – Шерзод Аббозович Пулатов қатысып, студент жастарға халықтар достығын нығайту, еліміздің дамып өркендеуіне достық, бірлік, татулық арқылы жететінін, әр елдің салт-дәстүріне құрметпен қарау керектігін, Қазақстан Халық Ассамблеясының маңыздылығын мен міндетін атап өтті. Шерзод Аббозович Пулатов жастарға мерекеге байланысты қызықты сұрақтар қойып, сыйлыққа кітаптар таратты.
Іс шара барысында колледжіміздің көркемөнерпаздары мен студенттерінің дайындаған шағын ән-биі тамашаланды. Әдеби-сазды кешті ұйымдастырған кітапхана меңгерушісі Шашкенова Н.А және педагог ұйымдастырушы Брянов М. К.