https://ptk-astana.edu.kz/storage/app/uploads/public/656/070/84d/65607084dd445678542630.jpeg
https://ptk-astana.edu.kz/storage/app/uploads/public/656/070/8b0/6560708b0ce8c703246016.jpeg
https://ptk-astana.edu.kz/storage/app/uploads/public/656/070/8eb/6560708ebb2b6243248566.jpeg
https://ptk-astana.edu.kz/storage/app/uploads/public/656/070/949/656070949d11c206621812.jpeg
https://ptk-astana.edu.kz/storage/app/uploads/public/656/070/9a7/6560709a793fc686507402.jpeg
https://ptk-astana.edu.kz/storage/app/uploads/public/656/070/9da/6560709da80fb520877370.jpeg
https://ptk-astana.edu.kz/storage/app/uploads/public/656/072/920/656072920b0b4379629223.jpeg
https://ptk-astana.edu.kz/storage/app/uploads/public/656/072/959/65607295960f5807011420.jpeg
https://ptk-astana.edu.kz/storage/app/uploads/public/656/072/bc3/656072bc3bc4d287686933.jpeg

Әлімжанов Баянғали Тоқанұлымен кездесу кеші

  • Сандугаш Жиентаева

Қарашаның 24 жұлдызында Астана қаласы әкімдігінің «Кәсіптік -техникалық колледжі» ШЖҚ МКК қабырғасында ақын, жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, манасшы, кинорежиссер, актер, бір сөзбен айтқанда сегіз қырлы, бір сырлы талант иесі Әлімжанов Баянғали Тоқанұлымен кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты-студент жастарға жазушының өмірі мен шығармашылығынан жалпы мағлұмат беру, таныстыру, рухани ұлттық құндылығымыз өлең-жыр, поэма, дастандар мен әңгімелерді оқуға баулу. Баянғали Әлімжанов -лирикалық, философиялық өлеңдер мен елуге тарта поэма, жиырмадан астам пьесалардың , көптеген шағын сахналық шығармалардың , оқиғалы жырлардың авторы. Кеш барысында ұстаздарды, оқушыларды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып шолу жасалды. Колледжіміздің студенттері Нұрқыл Мейірбек, Бердімұрат Ұлдана, Сейілханов Қадіржан,Батыржанұлы Нұрасыл, Ерболат Ернар, Ажмахан Хадиша ,Нұртаев Мейрам, Нұрқұл Асылхан, Қайсар Абдулла, Оразалы Нұрмұхан ақынның өлеңдер імен әңгімелерін нақышына келтіріп оқыса, Сапар Ерасыл және Дуйсенбек Еркежан қазақтың «Ерке сылқым» , «Ыңғай төк» күйлерін тамылжыта орындады. Кеш өз мәресіне жетті. Студенттер кеш барысында ақынға өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, қызықты , мағыналы , тәрбиелік мәні зор болды.